Бекет Серкебайұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бекет Серкебайұлы (т. - ө. ж.б.) - Есет Көтібарұлы бастаған Кіші жүз қазақтары көтерілісіне (1855-58) катысқан батыр. Елінің еркіндігі үшін күресіп, Ресей отаршыларына қолдау көрсеткен Арыстан төрені өлтіруге қатысқан. Көтеріліс жеңіліс тапқан соң ел арасынан жаңадан жасақ жинап жүргенде қолға түсіп, Сібірге жер аударылады. Артынан анасы мен жары іздеп барып, солардың көмегімен түрмеден қашып шығады. Елге келген соң, жауларынан өш алады. Бекет батырға байланысты ерлік пен елдікті, азаттық пен адалдықты өсиет ететін «Бекет батыр» атты дастан жазылған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify