Бекетов бипаны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Бекетов бипаны (Үлгі:Lang-la) – орамжапырақ тұқымдасы, бипан туысына жататын көп жылдық өсімдік. Орта Азия мен Қазақстанның өсімдік жамылғысын зерттеген орыс ботанигі А.Н. Бекетовтің құрметіне аталған. Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларының, Ұзынқара (Кетпен) тауының орта белдемдерінде, тасты, тастақты, сортаң жерінде өседі. Биіктігі 15 – 40 см. Негізгі сабағында жапырақ болмайды. Жапырағы сабақ түбіне шоқталып орналасқан, пішіні сопақша болады. Сабағы мен жапырағының сыртын түк басқан. Тостаған пішінді жапырақшаларының ұзындығы 9 – 11 мм, түсі қоңыр қызыл, желегінің ұзыдығы 20 – 23 мм, ол көкшіл немесе қызғылт түсті келеді. Бекетов бипаны тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Жемісі – бұршаққын, ұзындығы 4 – 8 см, ені 3 – 4 мм. Жемісі жас кезінде түкті, піскеннен кейін жалаң болады. Бекетов бипаны сирек кездесетін эндемик өсімдік, таралу аймағы жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бекетов бипаны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}