Бекет

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бекет - жолаушылар аялдайтын орын. Мұндай орынға тұрақжай салынады. Бекеттердің ара қашықтығы атты кісіге түстік жер шамасында болады. Бекетке аялдағандар ат шалдыртып тыныққан.   Ал мемлекеттік ресми қызметтегі адамдар бекеттерде аттарын ауыстыратын. Ол aт бекеті, ал ауыстырып мінген аттар лау ат деп аталады. Жол бойындағы бекетте жұмыс істейтін, бекет ұстайтын адамды бекетші деп атайды. Жаугершілік кезеңде, жорықта қарауылдау, дабыл беру тобын, жауға алғашқы қарсылық жасайтын ілгергі қарулы күшті де бекет деп аталған.

Ресей патшалығына қараған кезде әкімшілік-саяси құрылымның байланыс жүйесінің (пошта) өз бекеттері болған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stubast:Estación bs:Stanica ca:Estació cs:Stanice da:Station de:Station en:Station es:Estación fr:Station it:Stazione ja:ステーション nl:Station no:Stasjon pt:Estação ru:Станция sh:Stanica simple:Station sv:Station th:สถานี tr:İstasyon uk:Станція zh:站