Бекен Әбдіразақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бекен Әбдіразақов (1936 жыл Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы - ақын.

  • Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген.
  • «Лениншіл жас» газетінде
  • «Жетісу» газеттерінде жұмыс істеген
  • «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы
  • «Жазушы» баспасының редакторы қызметтерін атқарған.

Бірнеше жыр жинақтарының авторы. Аударма және сын салаларында да еңбек сіңірген.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Шығармалары

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1963 жылы жарық көрген. Отыз шақты жыр кітабы шыққан.

  • «Сағыныш» (1965)
  • «Күн толқыны» (1965)
  • «Жігіт дәурен», (1967)
  • Таңдамалы (1976)
  • «Жырлайды жүрек» (1993)
  • «Көгілдір кеш» (1993)
  • «Өмір мен көңіл» (1993)

Аударма саласында өзбек, қырғыз, түрікмен әдебиетінің шығармаларынан жасаған тәржімалары мол орын алады. Ол сондай-ақ М.Лермонтов, С.Нова, К.Чуковский өлеңдерін қазақшалаған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Жетістіктері

  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}