Бекарыстан Амалдықұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бекарыстан Амалдықұлы (1765, Қызылорда облысы Қазалы ауданы - 1858, Қарақалпақстан, Мойнақ ауданы <ref>шамамен 1785-86 жылдары өмірге келген, 1867-68 жылдары қайтыс болған деген де деректер бар</ref>) - Әлім тайпасының Шекті руынан шыққан би. Ел арасында сакталған аңыз- әңгімелерге қарағанда Жанқожа батыр жорыққа аттанар алдында Бекарыстанға барып, сәлем беріп, ақылдасып отырған. Абылай ханның ұлы Жанғозы сұлтанды жалғыз ауыз сөзбен тоқтатқан шешендігі, түрікмен барымташыларын садақтың жалғыз оғымен сескендірген айбары туралы ел арасында «Бірауыз сөзбен ханды қайырған, жалғыз оқпен жауды қайырған жайсаңым-ай» деген қанатты сөз де сақталған. Қызылорда облысының Қазалы ауданында Бекарыстан би атындағы ауыл бар.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Бекарыстан Амангелдіұлы Қоқан, Хиуа бекеттерінің озбырлығына қарсы шыққан, жарлы-жақыбайларды үнемі қамқорлыққа алып, күрделі қиын мәселелерді байыппен туралықпен шешіп отырған. Елі ішінде би атанып, халықына сыйлы болған кісі.

Ел аузында там-тұмдап жеткен бидің сөздері қалған. Оның Жанғазы сұлтанды бір ауыз сөзбен тоқтатқан, түрікмен елінің барымташыларын садақ оғымен қаймықтырғанын аңыз етіп айтады. «Бір ауыз сөзбен ханды қайтарған, жалғыз оқпен жауды қайтарған Бекарыстай бабаларың болған»,- деп отырады көнекөз қариялар.

Қазақ халқының тәуелсіздігі жолында күрескен би Бекарыстанға бір ауылдың аты беріліп, баба ескерткіші тұрылған. Би Қарақалпақстанның Аралмен шектескен «Мойнақ» ауданы жеріндегі «Томпақ ата» қорымына жерленген.

Мұрағат құжаттарында 1853 жылы Бекарыстан Амалдыковтың (Амандыков) Кішкене Шекті руынын Асан бөлімінің Матығұл аталығынан тарайтын және ол кісінің жасының 68-де екені көрсетілген. Би туралы ауызша айтылған деректер мен жазбаша жазылғадар сәйкес келіп тұр. Жайлауы Арал бекінісі мен Қызылқұмда, қыстауы Қосаралда болған. Өзінен үлкендердің айтқанын бұлжытпай орындайтын кісі екен. Екінші бір құжатта бидің 1856 жылы 2 қыркүйекте 20 сом күміс ақшаны сыйға алғаны жазылады.<ref>Билер сөзі - киелі. Құраст.:Т.Дайрабай, М.Ахметов:Алматы, 2012. - 208б.</ref>

Дереккөздер

<references/>