Бейсенбай Қасқырбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қасқырбаев Бейсенбай (1904, қазіргі Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылы – 1958, сонда) – мұғалім, ақын. Халық ағарту ісінің үздігі (1948). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.


Мәскеу қаласындағы Шығыстану университетінде оқыған (1922 – 25). 1925 – 28 жылдары Қазалы уезі халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, 1928 – 30 жылдары Қарақалпақ автономиялы облысының оқу комиссарының орынбасары, 1930 – 36 жылдары Қармақшы ауданында мектеп директоры, оқу бөлімінде инспектор, 1936 – 41 жылдары Шымкент қаласында, Тереңөзек ауданында халық ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1943 – 58 жылдары 109 орта мектептің директоры болды. 1945, 1946 жылдары обыстық. айтыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған. Қасқыпбаевтың «Көктем», «Қош бол, қолым», «Ардақты сәлем еліме», «Бұлбұл», «Дәуіт», т.б. өлеңдері бар.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}