Бейсенбай Жәнібекұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бейсенбай Жәнібекұлы (1858-1917) - Абайдың жанында жиі болып, өлеңдерін ел ішіне таратушы ақын. Тобықтының Топай руынан. Бейсенбай ел басқару ісіне де қатысқан. № 5-ауылдың соты болған. Абай Бейсенбай өлеңдерін өзіне оқытып, баға беріп, талдап отырған. Оның ақындық қуатына сенгендіктен де «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» махаббатын қайта жырлап шығуға кеңес берген, дастан мазмұнына өзгеріс енгізуді тапсырған соң Бейсенбай жырдың соңын өзгертіп, Қозыны өлтірмей, Баян екеуін мұратына жеткізеді. Ол өзінің бұл шығармасын 17 түрлі мақаммен ойнатады екен. М. Әуезов Абайдың төңірегіндегі ақындардың қатарында Бейсенбай есімін де атайды.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub