Бейруттың Америкалық университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Университет Бейруттың Америкалық университеті — Ливан астанасы Бейрут қаласында орналасқан зайырлы, жеке, тәуелсіз университет. «Сирия протестанттық колледжі» ретінде 1866 жылы америкалық дін таратушы Дэниел Блисспен қаланды. 1920 жылдың 18 қараша күні оқу орнына ағымдағы атауы берілді. 100 жыл бойы университет аясында астрономиялық обсерватория жұмыс істеген — Лии обсервоториясы.

Кітапханалар

Университет кітапханаларына Нами Джафет мемориалдық кітапханасы (Nami Jafet Memorial Library), Инженерия және сәулет кітапханасы (Engineering and Architecture Library) және Ғылым және ауылшаруашылығы кітапханасы (Science and Agriculture Library) кіреді. Сондай-ақ Бекаа алабында орналасқан Ауыл шаруашылығының ғылыми-білім беру орталығында (Agricultural Research and Education Center (AREC)) ауыл шаруашылығы және кітапханатану бойынша қолданылымдар бар.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Университет кітапханаларының бай топтамасында келесі дүниелер сақталып жатыр:

  • 587,778 том
  • 923 мерзімді басылым, оның ішінде 244 араб тілінде.
  • 206 дерекқордағы 57,679 электронды журнал.
  • 1,139,340 барлыө форматты дыбыс-бейне элементтері, оның көбісі 20-шы ғасырдың басынан бастау алатын қомақты жергілікті және аймақтық журналдар мен газеттерінің микропішімдері болып табылады,
  • 1,398 "Мұрағаттар және арнайы топтамалар" қол жазбалары, кейбіреулері мұражай жәдігерлері ретінде танылды,
  • 7,714 диссертация томдары, 1907 жылы бастау алатын курс және дипломдық жұмыстар,
  • 3940 плакат және 1,902 карта, сонымен қатар, бірегей және тарихи маңызы 46,418 фотосурет.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер