Бейнефон (телевизия)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бейнефон (телевизия) – бейнефонды көпшілік алдында бірінші рет көрсету 1927 жылы 7 сәуірде Вашингтон (бұл жерге сәулені механикалық жаймалайтын телекамера орнатылды) мен Нью-Йорктың (телеқабылдағыш) арасында болып өтті. Электрлік сигнал кабельмен берілді. Кейінірек, 1930 жылы 9 сәуірде А. Белл зертханасының мамандары Нью-Йорктың әртүрлі түкпірлерінде орналасқан бейнефондардың арасында екіжақты байланысты жүзеге асырды.

Телекамераның алдында тұрған, құлағына дауыс күшейткішті басып, алдында микрофон ұстаған адам осындай іс-әрекет жасаушы басқа адамды көре және ести алады. Сол кездегі байланыс арнасынын қымбаттығынан бейнефондар қатынастын кең таралған тәсілі бола алмады, кәдімгі телефон анағұрлым арзанырақ болды және жеткілікті мөлшерде ақпарат бере алатын еді. От-жалынды жерлерден берілген репортаждарды телекөрермен жуырдағы уақытқа дейін әдетте, қозғалмайтын Суреттер күйінде алды.

Экранда оқиға болған жердің географиялық картасы, экранның төменгі бұрышында тілшінін портреті пайда болды. Ал бүкіл ақпарат дыбыстық қатармен берілді. Ауыр кәсіптік бейнекамералар операторды оралымдылықтан айырды, оны көзге түсетін етті және бұл өкінішке орай көптеген журналистердің өмірлерінен айырылуына себеп болды. Бұл жағдайда жабдыктың салмағы мен өлшемдері шешуші маңызга ие болады; өлшемі бойынша мейлінше кішкентай камераларды пайдаланатын фототілшілер төтенше жағдайларды түсіру кезінде жабдыктың әрбір грамын үнемдей отырып, ауыстырмалы оптика пайдаланбауды артық көреді. Егер тіпті түсіруді нормативті бейнекамерамен түсірудің сәті түссе де, онда оқиға орнынан материал беру туралы әнгіменің болуы да мүмкін емес.

Оқиға орнынан тікелей репортаждар жүргізу үшін CNN компаниясы 2001 жылы бірінші рет Хайнань аралында Лондондык 7Е Communications компаниясы шығарған бейнефондарды пайдаланды. Кейінірек жабдыкты Associated Press сатып алды. Бейнефон парфель мөлшеріндегі корпусқа орналастырылады, жабдықтың массасы 4,5 кг, байланыс арнасы серіктік. Бейнефондарды кезекті ойдағыдай пайдалану 2001 жылы 11 қыркүйектегі ланкестіктің салдарлары, одан кейінгісі Ауғанстан мен Ирактан берілген тікелей эфирлер.

Ағылшын компаниясынан бейнефондар шығаруға іле-шала австриялық Scotty фирмасы да кірісті. Оларды журналистерден басқа Пентагон да сатып алды. Бейнефон ноутбукке нормативті бейнекамера қосылған түрінде жасалған. Металл корпус жабдықты соққылардан сақтандыруға қабілетті. Серіктік байланыс екі жиналмалы антеннамен Inmarsat жүйесі серігі арқылы қамтамасыз етіледі. Мәліметтерді беру жылдамдығы 128 Кбит/сек.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}