Бейбіт Ғазизұлы Жүсіпов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жүсіпов Бейбіт Ғазизұлы (1948 жылы туған) — заңгер, әділет кеңесшісі. Свердлов заң институтын (1988), Алматы Жоғары Партия мектебін (1989) бітірген.

Еңбек жолы

  • 1970 жылы — Целиноград облысы, Алексеевка аудандық прокуратурасында тергеуші,
  • 1971 жылы — аға тергеуші,
  • 1974 жылы — Целиноград облыстық прокуратурасының тергеу бөлімі бастығы,
  • 1976 жылы — Қазақстан Компартиясы Целиноград қалалық комитетінің өнеркәсіптік бөлімінде нұсқаушы,
  • 1977 жылы — Қазақстан Компартиясы Целиноград облыстық комитетінің әкімшілік және қаржы-жоспарлау органдары бөлімінде нұсқаушы,
  • 1981 жылы — Тың көлік прокурорының орынбасары,
  • 1982 жылы — Қазақстан Компартиясы Целиноград облыстық комитетінің әкімшілік органдары бөлімінің меңгерушісі,
  • 1988 жылы — мемлекеттік құқықтық бөлімінің меңгерушісі,
  • 1990 жылы — Целиноград облыстық Халық депутаттар кеңесінің төрағасының орынбасары,
  • 1992 жылы — Целиноград облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары,
  • 1995 жылы — Целиноград облысының әкімінің орынбасары,
  • 1998 жылы — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заң шығару және сот- құқықтық реформасы жөніндегі комитетінің мүшесі,
  • 1999 жылы — Сенаттың Халықаралық істер, қорғаныс джәне қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі,
  • 2001 жылы — Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің мүшесі,
  • 2002 жылы — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Апаараты жетекшісінің орынбасары,
  • 2004 жылы — Қазақстан Республикасы Жоғары соты Аппаратының жетекшісі,
  • 2007 жылдан — Қызылорда облысының әкімінің бірінші орынбасары.

Қазақстан Республикасы ордені және КСРО орденімен марапатталған<ref>Астана энциклопедиясы, Алматы, Атамұра 2008</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер