Бейбітшілікті жақтаушылардың бүкілодақтық бесінші конференциясы (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бейбітшілікті жақтаушылардың бүкілодақтық бесінші конференциясы - Мәскеудегі Мемлекеттік саяси әдебиеттер баспасынан 1955 жылы орыс тілінде жарық көрген кітап. 1955 жылы 10-12 мамырда Мәскеуде өткен «Бейбітшілікті жақтаушылардың бүкілодақтық бесінші конференциясының» материалдары қысқаша түрде берілген. Конференцияны Н.С.Тихонов ашып, А.Е.Корнейчук «Қазіргі замандағы халықаралық жағдай, бейбітшілікті нығайту және халықтардың бейбітшілікті қорғаудағы күресі» атты тақырыпта баяндама жасады.

10-12 мамыр аралығында 82 депутат сөз сөйледі. Қаныш Сәтбаев 12 мамырда сөз алып, соғыс аяқталғаннан кейінгі 10 жыл ішінде әлемде үлкен өзгерістер болды, таяу күндерде өткен Азия мен Африканың 29 елі қатысқан Бандунг конференциясы езілген халықтардың отаршылдық пен империализмге қарсы бағытталған күресін жариялады деп, Қазақстан жағдайына, ондағы білім беру саласына, Қазақ КСР Ғылым Академиясы мен оның көптеген ғылыми-зерттеу институттарына тоқталады, Кеңес өкіметі кезінде өнердің, әдебиеттің, халықтар достығының нығайғанын, ауыр өнеркәсіптің, ірі индустриялды орталықтардың пайда болғанын, тың жерлердің игерілгенін, Қазақстан халықтарының бейбітшілік үшін белсенді күресетіндігін атап көрсетті.

Конференция соңында кеңес делегаттарының Бүкіләлемдік бейбітшілік ассамблеясына аманаты оқылды. «Бейбітшілікті жақтаушылардың бүкілодақтық бесінші конференциясында» Бейбітшілікті қорғаушылардың кеңестік комитетіне сайланған 140 адамның тізімі берілді. Кітаптың көлемі 12,65 баспа табақ. Таралымы 10 мың дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бейбітшілікті жақтаушылардың бүкілодақтық бесінші конференциясы (кітап)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}