Безеру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазіргі түсінігімізде — міз бақпай мелшию, сазару сияқты мағыналар береді. «Бұл араның безерген Қызыл шақа көбі құм...» (С. Мәуленов, Жолдас).

Міз бақпай мелшиген жанның тағы бір белгісі көзі бедірейіп, үн-түнсіз қалыпта болатыны да белгілі. Ондай адам пішіні бейне бір жапалақ іспеттес көрінеді. «Безерген» де, оған түсінік ретінде келтіріліп отырған «мелшию» де өте ертеректе мұндай күйдегі адамды жапалаққа ұқсатудан тумады ма екен деген ой келеді. Бұл ойымызды осы аттас құстың бойына біткен қасиеттері - мен бірге кейбір түркі тілдерінде оған тағылған аттардың өзі-ақ кепіл болғандай. Тува тілінде «жапалақ» атауы «межерген», якуттарда«мэкчиргэ». Бұлардың бірі қазақ тілінде «безерген», екіншісі «мелшию» қалпына дейін өзгерсе, тіліміздегі дыбыс сәйкестігі заңына теріс емес.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-қ2459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}