Бегайым

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бегайым немесе Бегім (Үлгі:Lang-ar) - көптеген түркі халықтарында ізгі тектен шыққан әйел есімдеріне қосарланып айтылатын лауазым-сөз.

Түркі тілінің қыпшақ тобында биім түрінде қолданылады. Бегім - «бек» сөзі мен тәуелді «ім» жалғауының бірігуінен жасалған. Ханым, сұлтаным сөздерімен қатарлас. Алтын Орда, Қазақстан, Орта Азия және басқа елдердегі түркі халықтарының тарихында есіміне Бегім термині қосарланып айтылатын әйелдер көп кездеседі. Бұлар осы елдермен халықтардың саяси өміріне маңызды роль атқарған. Мысалы, Рабиу-сұлтан бегім - атақты Ұлықбектің қызы, хан Әбілқайырдың (1428-68 ж.ш.) зайыбы, Мауараннахрдың хандары Сүйінішқожа мен Көшкіншінің анасы; ал (Қыдырғали Жалайырдың "Жами әт-Тауарихы" бойынша) Чағат-бегім - қазақ ханы Жәнібектің зайыбы, Қасым ханның шешесі.

Бегім термині әйелдің әлеуметтік жайы мен шыққан тегін көрсетеді, және оның біліктілер тобына яки үстем тапқа жататындығын аңғартады<ref>Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том, 227 бет</ref>.

Дереккөздер

<references/>