Бақыт Шкуруллайұлы Кенжеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақыт Шкуруллайұлы Кенжеев (5 тамыз, 1950 жылы, Қазақ КСР-да, Шымкент қаласында дүниеге келген ) – орыс тілінде шығармалар жазатын, қазақ ақыны. 1982 жылы Канада мемлекетіне көшіп, 2006 жылдан бастап Нью-Йорк қаласында тұрады.

Өмірбаяны

Шымкент қаласында, 2 тамыз күні, 1950 жылы дүниеге келді. 3 жасынан бастап, Мәскеу қаласында тұрды (кейбір деректерде – Мәскеу қаласында туылды деп жазылған). Қазақ. Әкесі ағылшын тілінің мұғалімі, ал анасы кітапханашы болған. Мәскеу мемлекеттік университетінде, химиялық факультетті бітірген. 1977 жылы, «Ленинские горы: Стихи поэтов МГУ» атты кітап ұжымында, алғашқы рет ақын болып атанған. Оның бірінші өлеңдер жинағы 1984 жылы, Америкада басылған болсада, жастық шағында мерзімдік баспасөзде жарияланған («Комсомольская правда», «Юность», «Московский комсомолец», «Простор»). Жетпісінші жылдардың басында Кенжеев (Алексей Цветковпен, Александр Сопровскиймен, Сергей Гандилевскимен бірге) «Мәскеу уақыты» поэтикалық тобының негізін қалаушылардың бірі болып саналған. 1982 жылы, ақын Канадаға көшіп, 2008 жылы Америкадағы Нью – Уорк қаласына көшіп кеткен. Орыс ПЕН-клубының мүшесі. Ол 2000 жылы, «Дебют» премиясының Қазылар алқасының бірі болып саналған. Одан басқа, ол «Ак торна» (2011), «русская премия» премиясының, «Кубок мира», «волошинский конкурс» түрік поэзиясының аудармасының, халықаралық байқауының Қазылар алқасының бір мүшесі болған. Қазақ, ағылшын, француз, неміс, испан, Голландиялық, итальян, украин, қытай және швед тілінде аудармалары жарияланған.

Өлеңдер жинағы

  • Избранная лирика 1970—1981. — Ann Arbor, 1984.
  • Осень в Америке. — Тенафлай, 1988.
  • Стихотворения последних лет. — М., 1992.
  • Из книги AMO ERGO SUM. — М., 1993.
  • Стихотворения. — М.: PAN, 1995.
  • Возвращение. — Алматы: Жибек жолы, 1996.
  • Сочинитель звезд: Книга новых стихотворений. — СПб.: Пушкинский фонд, 1997. ISBN 5-85767-091-8
  • Снящаяся под утро: Книга стихотворений. — М.: Клуб «Проект ОГИ», 2000. ISBN 5-900241-09-2
  • Из семи книг: Стихотворения. — М.: Независимая газета, 2000. ISBN 5-86712-027-9
  • Невидимые: Стихи. — М.: ОГИ, 2004. ISBN 5-94282-229-8
  • Названия нет: книга стихотворений. — Алматы: «Искандер», 2005.
  • Вдали мерцает город Галич: Стихи мальчика Теодора. — М.: АРГО-РИСК; Тверь: Колонна, 2006. ISBN 5-94128-126-9
  • Крепостной остывающих мест. Владивосток: Рубеж, 2008 (переиздание: М.: Время, 2011).
  • Послания. — М.: Время, 2011. ISBN 978-5-9691-0514-0
  • Сообщение. — М.: Эксмо, 2012.
  • Странствия и 87 стихотворений. К.: Laurus, 2013.
  • Ремонт Приборов. Гражданская лирика и другие сочинения. 1969—2013. — М.: ОГИ, 2014. ISBN 978-5-94282-735-9
  • Довоенное: Стихи 2010—2013 годов. — М.: ОГИ, 2014. — 144 с. ISBN 978-5-94282-745-8

Романдары

  • Плато (1992).
  • Иван Безуглов. Мещанский роман (1993).
  • Золото гоблинов: Романы («Младший брат», «Золото гоблинов»). — М.: Независимая газета, 2000. ISBN 5-86712-101-1
  • Обрезание пасынков. М.: Астрель. 2009.

Марапаттары мен сыйақылары

  • «Октябрь» журналының Премиясы (1992)
  • Қазақстан Жастар Одағы сыйлығы (1996)
  • «Снящаяся под утро» өлеңдер жинағына «Антибукер» Премиясы (2000)
  • «Москва-транзит» (Үлкен премия), (2003)
  • «Крепостной остывающих мест» өлеңдер жинағына «Русская премия» (2008)
  • «Новый мир» журналының Премиясы
  • «Антология» Премиясы (2006)
  • «Киевские лавры» атты фестивалінің Лауреаты (2006)

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер