Бақыт Тұрсынұлы Сарбалаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақыт Тұрсынұлы Сарбалаев (18 мамыр, 1947 жыл, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, «Қызылжұлдыз» кеңшары-ның «Жайылма» ауылы) - әдебиет сыншысы, журналист.

Өмірбаяны

  • 1969 жылы Қызылордадағы Н.В.Гоголь атындағы педагогика институтын тамамдады.
  • Туған ауылындағы мектепте бір жыл сабақ береді.
  • 1970 жылы Алматы облысындағы Іле аудандық «Ильич жолы» газетіне жұмысқа орналасады.
  • Бүдан кейін республикалық «Қазақстан мұғалімі» газетінде төрт жыл қызмет атқарады.
  • 1974 — 1978 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің әдебиет пен өнер
  • 1978 - 1982 жж. «Жалын» альманахының сын мен өнер бөлімінде жұмыс істейді.
  • 1982 — 1986 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық коллегиясында аға редактор
  • 1986 — 1990 жж. «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының сын бөлімінде әдеби қызметкер болды.
  • 1990 жылдан ұлт газеті «Ана тілі» газеті апталығы бас редакторының орынбасары
  • 1995 жылдан халықаралық «Қазақ елі» газетінің бас редакторы міндетін атқарды
  • 2007 жылдан «Сын» журналының Бас редакторы.

Шығармашылығы

  • Алғашқы «Өлең салмағы жүрек-пен өлшенеді» атты сын мақаласы 1966 жылы «Лениншіл жас» газетінде жарық көрді.
  • 1981 жылы «Қызыл алма» әдеби-сын мақалаларының жинағы жарық көрді.
  • «Ел мен Елбасы» атты кітаптары шықты. Жекелеген шығармалары орыс, өзбек, қырғыз, моңгол тілдеріне аударылған.
  • Қызыл алма. Эсселер. «Жалын», 1981;
  • Ақиқат алдында». Әдеби сын. «Жазушы», 1986;
  • Бейімбет Майлин, «Сенің сүйікті жазушың» сериясы. «Мектеп», 1989;
  • Өткірдің жүзі. Әдеби сын. «Жазушы», 1991;
  • Ілияс Жансүгіров. «Сенің сүйікті жазушың» сериясы. «Мектеп», 1992;
  • Нұрлан. Шығармашылық портрет. «Ан Арыс», 2007;
  • Жиырма бес. Әдеби сын. «Ан Арыс», 2008;
  • Бес мүшел. Әдеби сын. «Ан Арыс», 2009.

Қоғамдық қызметі

  • 1979 жылы Мәскеуде өткен жас жазушылардың бүкілодақтық VII кеңесіне қатысты.
  • Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төралқа мүшесі
  • Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.

Марапаттары

  • Қазақстан Журналистер одағының (1992) сыйлығының лауреаты.
  • Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының (1994) лауреаты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5</ref></p>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Bio-stub