Бақытсыздық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақытсыздықтағдыр тауқыметін, қайғы-қасіретті, азапты, өлшеусіз бейнетті білдіретін этикалық ұғым. Бақытсыздық көп жағдайда қоғамдағы әділетсіздік, зорлық-зомбылық, дау-жанжал, кедейлік, табиғи апаттар салдарынан туады. Бұған, әдетте, әлеуметтік қатынастар сипаты, адам құқыларының шектелуі, өркениеттіліктің дамымауы, мәдениетсіздік, ел басқарудың өктем тәсілдері де кінәлі. Кейде басқа түсетін қайғы-қасіреттің (маскүнемдік, тойымсыздық, пендешілік, өзімшілдік, т.б.) көптеген түрлерін адам өзі тауып алады. Адамның теріс мінез-құлықтарынан (арсыздық, күншілдік, қызғаншақтық, т.б.) туатын қасіреттер де аз емес. Тіршіліктегі ең үлкен Бақытсыздық — ең жақын адамынан айырылу, тұрлаусыз, мағынасыз өмір сүру. Адам Бақытсыздықтан дүниемен үйлесімді өмір сүру арқылы ғана құтыла алады. Бақыт сияқты Бақытсыздық та жеке сезімдік сәттен гөрі, біртұтас қалыптылық көрінісіне жатады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бақытсыздық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}