Бақытжан Әбдіқалықұлы Сайлыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақытжан Әбдіқалықұлы Сайлыбаев (15.10.1955 жылы туған, Жаңақорған ауданы Төмен-арық ауылы) – ғалым, педагогика ғылым кандидаты Педагогикалық білім беру халықаралық ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Қызылорда педагогикалық институтының (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) физика-математика факултетін (1976), Мәскеу КСРО педагогика ғылымдары академиясының білім берудің мазмұны мен әдістері ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1990) бітірген. 1976 – 81 жылдары Қызылорда қаласындағы орта мектептерде мұғалім, мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, 1981 жылы Қызылорда педагогикалық институтының бастауыш сыныптарға білім берудің педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында оқытушы, 1991 жылы Қызылорда гуманитарлық университетінде, 1998 жылы Қызылорда мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, 2003 жылдан университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарып келеді. Сайлыбаев 40-тан астам ғылыми-әдістемелік еңбек жазған. Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мүшесі.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бақытжан Әбдіқалықұлы Сайлыбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}