Бақытжан Рахметұлы Берікболов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Бақытжан Рахметұлы Берікболов (26 қаңтар, 1940 жыл, Шымкент қаласында туған) - Профессор. ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі (1999 жылдан), Халықаралық инженерлік академияның (2000 жылдан) академигі. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрметті профессоры (2003). Геология-минералогия ғылымдарының докторы.

Білімі

Қызмет жолы

  • 1964-1968 жылдары - Жоңғар геологиялық-барлау экспедициясының инженер-геологы, Саяқ геологиялық-барлау экспедициясының аға геологы, бас геологы.
  • 1968 жылдан- В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының аспиранты.
  • 1971 жылдан - ҚазГЗИ минералды шикізаттар бөлімінде аға инженер, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, бөлім меңгерушісі.
  • 1979 жылдан - Қазақстан Компартиясы ОК нұсқаушысы.
  • 1982 жылдан - ҚазКСР геология министрінің орынбасары.
  • 1987 жылдан - «Қазгеология» МӨБ бас директорының орынбасары.
  • 1988 жылдан - КСРО Геология министрлігінің басшы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін жетілдіру институтының ректоры.
  • 1993 жылдан – Қазақстан мемлекеттік геологиялық «Волковгеология» кәсіпорынының бас директоры (кейінірек- «Волковгеология» АҚ).
  • 2005 жылдан - «Волковгеология» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
  • 2006 жылдан бері - «Волковгеология» АҚ бас геологы, бас директорының геология және радиоэкология женіндегі бірінші орынбасары.

Геологиялық ашулары

  • Саяқ-І\/ мыс кеніші (1999)
  • Оңтүстік Қарамұрын (2007) және Ақдала (2006) уран кен орындары
  • Мойынқұм кен орынындағы Төртқұдықучаскесі (2008) тұңғыш ашушы.

Халықаралық конгрестер

Мәскеуде (1984), Бразилияда (2000), Италияда (2004), Норвегияда (2008) өткен дүниежүзілік, халықаралық геологиялық конгрестердің қатысушысы.

Ғылыми еңбектері

Геология-минералогия ғылымдарының докторы. Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстанның мыс кендері кезеңдерінің минералдық-шикізаттық әлеуеті».

  • 7 монографияның, қатты пайдалы қазбалар жөніндегі 200-ден аса жарияланымдарының авторы.
  • Оның жетекшілігімен және тікелей қатысуымен Қазақстан аумағында мыстекті кезеңдер мен негізгі өнеркәсіптік мыс кеніштерінің орналасу карталары және 1:1500000 ауқымындағы ҚР уранының металдық генді болжау картасы құрастырылды;
  • Қазақстан Республикасы аумағындағы радиациялық ахуалды зерттеу, тұрғындардың сәулелену дозаларын мумкін шамаларымен аймаққа бөлу және әрі қарайғы мейлінше жіктелімді зерттеулер жөніндегі ұсынымдарды жетілдіру, халықты нормативтен артық радиациялық әсерге ұшырауынан қорғау шаралары мен мониторингі бойынша жұмыстар тәмамдалды. Экономикалық тиімді рационализаторлық ұсыныстар қатарын иеленген өнертапқыш.

Марапаттары

  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрылғанына 10 жыл» (2007)
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальі
  • 1-ші дәрежелі «Қазақстан Республикасы атом өнеркәсібінің Еңбек сіңірген қызметкері» (2007) алтын белгісі
  • «ҚР инженерлік ісін дамытуға қосқан үлесі үшін» тес белгісі (2002);
  • «Жер қойнауын барлау үздігі» (1987,1991) белгісі;
  • Халықаралық инженерлік академиясының дипломымен (2001) марапатталған.
  • КСРО өнеркәсібіне Еңбек сіңірген қызметкері (1988).
  • КСРО жер қойнауының Құрметті барлаушысы.
  • ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы.

Отбасы

  • Үйленген. Жұбайы - Зүбәйра Абылайқызы (1949 ж. т.).
  • Ұлдары - Сырым (1969 ж. т.), Сылқым (1974 ж. т.);
  • қызы — Райхан (1972 ж. т.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}