Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаев (1860, Қаратөбе ауданы, Ақбақай ауылы — 26 тамыз 1934, Ақтөбе қаласы) - қоғам қайраткері, заңгер, ағартушы-демократ.


  • Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түседі.
  • 1890 ж. оны 2-дәрежелі алтын медальмен үздік бітіреді.
  • Петербургта, Кутаисида, Орынборда тергеуші болып істейді. 1897 жылдан Оралда, Қаратөбеде, Жымпитыда адвокат болды.
  • 1907 ж. 2-Мемлекеттік Думаға кадеттер тобынан Орал облысынан депутат болып қатысып, жер-су мәселесі бойынша қазақ халқының мүддесін қорғап сөз сөйлеген.
  • Ол өзін большевиктер партиясының қатарындамын деп есептеді.
  • 1907-16 жылдары ағартушылық жұмыстармен айналысып, «Қазақстан» газетін, «Айқап» журналын шығаруға көмектеседі.
  • 1918 ж. Орал облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды.
  • 1918 ж. наурызда «әскери үкімет» бүлік ұйымдастырып, облыстық кеңес мүшелерін, (ішінде Қ. та бар) тұтқынға алды.
  • 1919 жылы 24 қаңтарда Чапаев дивизиясы босатып, кейін ол Орал облысы ревкомның қүрамында ұлттар коллегиясын басқарды.
  • 1919 ж. 24 шілдеде Қазәсревкомның мүшелігіне тағайыңдалды.
  • 1920 ж. 4-12 қазанда Орынборда өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық 1-съезіне делегат болды. Мұнда қабылдаған Қазақ АКСР-і еңбекшілерінің құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға қатысқан.
  • Қазақ АКСР-інің заң комиссары болды. Кеңестердің 2-Бүкілқазақстандық съезіне де делегат болып қатысты.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref><ref>Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9</ref>

Дереккөздер

<references/>