Бақытбек Бәмішұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақытбек Бәмішұлы (25 маусым, 1958 жыл, Баян-Өлгей аймағы, Бұлғын сұмы, Үлкен Темірлі деген жерінде туған) - жазушы, филология ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

Өмірбаяны

  • Ұланбатыр қаласындағы Хосе Марти атындағы N252 орта мектепті бітірген.
  • Жоғарғы оқу орнына түсу үшін конкурсқа қатысып, сол кездегі Ленинград қаласындағы Темір жолдар инженерлік институтына жолдама алады. Әуелі сол қаладағы политехникалық институтта бір жыл дайындық курсын бітіріп, автоматика, телемеханика және байланыс мамандығы бойынша университетті тамамдаған.
  • Еңбек жолын Моңғолияның Баян-түмін (Чойбалсан), Саин-Шанда, Ұлан-Батыр қалаларында монтерден бастап, дистанцияның Бас инженері, кейін басқармада аға инженер болып қызмет еткен.
  • 1991 жылы Ұлан-Батырдан атажұртқа қоныс аударған.
  • Алматы темір жолында мамандығы бойынша қызмет атқарған.
  • Қазір "Метрополитен" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында істейді.
  • «Көш» газетінің Бас редакторы
  • "Мінбер" журналистерді қолдау орталығының www.minber.kz ұлттық интернет газетінің үйлестірушісі.

Шығармалары

Қаламгер әдеби шығармашылық жолын мектепте жүргенде өлең шығарудан бастаған. Ал сексенінші жылдары прозаға ауысып, бірнеше әңгімесі Баян-Өлгейдегі «Шұғыла» журналында жарияланған. Атамекенғе келғеннен кейін негізінен публицистикалық мақалалар мен өлең жазумен айналысқан.

Өлеңдері

  • «Мәңгі көк аспан астында» (1998) атты өлеңдер, толғаулар жинағы

Прозада

  • «Тұмарлы таң» (2003)
  • «Бай Бұлғын жерім-ай» (2008)
  • «Оспан батыр» (2008)
  • «Айторы ғұмыр» (2012)
  • «Азанбай абыз» (2013)
  • «Зуқа батыр - аласапыран замана арыстаны» (2016) кітаптары жарық көрген.

Монографиялары

  • «Диуани лұғат ат-түрік және моңғол тілі»
  • «Тілдерді дамытудың әлеуметтік негіздері» атты монографиялар жазған.

Аудармалары

  • О.Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабын моңғол тіліне
  • моңғол ақыны Р.Чойномның "Алтай" поэмасын орыс тіліне
  • түрік халық ақыны Қараожаланның өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

Құрастырушы ретінде

  • «Шер шежіре»
  • «Баян-Өлгей тұмалары»
  • «Сәтей Нұртазаұлы туралы» атты жинақтарды құрастырды.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub