Бақша қараоты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Бақша қараоты (лат. Portulaca olerаcea)<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> - қараоттар тұқымдасы, қараот туысына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипты

  • Биіктігі 10-35 см.
  • Сабағы етжеңді, жайылып өседі. Түбінен бастап бұтақтанады.
  • Жапырақтары қондырмалы, ұзынша сына тәрізді, ұшы доғал, түбіне қарай жіңішкерген, жоғары жағында қарама-қарсы кезектесіп орналасқан. Жапырағының ұзындығы 1-2 см, ені 1 см-ге дейін, етжеңді.
  • Гүлі майда, жапырақ қолтығынан дана немесе 2-3 -тен топтасып жетіледі. Тостағанша жапырақтары шөптесін, күлтелері сары түсті. Аналығы ұзын. Маусым-қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді.
  • Жемісі жұмыртқа тәрізді немесе дөңгелек шар тәрізді қауашақ, ұзындығы 5-8 мм.
  • Тұқымы бүршік тәрізді, қара қоңыр түсті. Мал жемейді.

Өсетін жері мен таралуы

Жер бетінде тропиктік және субтропиктік аймақтарында таралған. Қазақстанда Каспий маңында, Балқаш-Алакөл ойысында, Іле, Күнгей, Қырғыз Алатауларында кездседі. Өсетін жері - өзендердің құмды жайылымдары, егістіктер, бақшалар, алаңқайлар.

Қолданылуы

Сурет:Portulaca oleracea1.jpg
Гүзардағы мәдени сәндік түрі

Дереккөздер

<references/>