Бақтығұл Ойшыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақтығұл Ойшыбаев (1940-1997) - 5 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданында туған. 1966 жылы Қазақ ұлттық университетің журналистика факультетін бітіріп, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, одан кейін Тайпақ, Жымпиты аудандық газеттерінде қызмет еткен. Оның алғашқы үш әңгімесі республика жас жазушыларының «Шұғыла» атты жинағына (1966) енген.

«Алыстан көрінген от» (1970), «Қимас күндер» (1980) әңгіме, хикаяттар кітаптарының авторы. Сондай-ақ көптеген очерктері жарық көрген.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}