Бақтыбай батыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақтыбай батыр (1720, кейбір деректерде 16981780) — аға батыр, қолбасшы.

Қазақ-қалмақ соғысында Әбілқайыр ханның сенімді серігі болған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Руы — шекті. Әкесі — Төлес би. Бақтыбай батыр 15 жасында Әбілқайыр жасағының құрамында шайқасқа қатысып, ерлігімен көзге түскен. Есет батырдың қолдауымен шекті жасақтарына қолбасшы болып тағайындалады.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> Есімі сарбаздардың жауынгерлік ұранына айналады. Бақтыбай батыр бастаған жасақтар Бұланты және Аңырақай шайқастарында жауды жеңуге үлкен үлес қосқан. М. Тевкелевтің Ресей сыртқы істер министрлігіне жазған құпия хатында (1732 жылы 20 маусым) полковник Гарбердің басшылығымен Ресейден Бұхара мен Хиуаға бет алған 500 түйелі керуенін Бақтыбай батыр басып алып, дүние-мүлкін жергілікті елге таратып бергені баяндалады. Бақтыбай батырды жергілікті халық “Әлім Қарасақал әулие” деп те атайды. Бақтыбай батыр майданда қаза тапты. Жем өзені бойындағы “Қарасақал әулие” зиратына (Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ақжар ауылы) жерленген. Батырдың туғанына 200 жыл толуына байланысты бейітінде кесене тұрғызылды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бақтыбай батыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}