Бақтияр Әбілдаұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақтияр Әбілдаұлы - 1973 жылы 10 қарашада Жамбыл облысының Талас ауданындағы Ақкөл ауылында өмірге келген.

1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін қызыл дипломмен бітірген. Жамбыл облыстық қазіргі "Ақ жол" газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1963-1964 жылдары Жамбыл облыстық комсомол комитетінде үгіт-насихат бөлімін басқарған. Алғашқы әңгімелері студент кезінде-ақ республикалық "Пионер" журналында және үшінші сыныпқа арналған "Ана тілі" оқулығында жарияланған. Алғашқы жинағы "Тұлпардың тұяғы" (олимпиада чемпионы Абсент туралы) хикаяты 1980 жылы "Қайнар" баспасынан жарық көрген.

1986 жылы Жамбыл облыстық Абай атындағы драма театрында "Айша Бибі" тарихи трагедиясы, 1992 жылы "Сыпатай батыр пьесасы қойылған. 1995 жылы театрда Қадыр Жетпісбаевтың режиссерлығымен сахналанған. 1999 жылдан бері Мұхаммед Хайдар Дулат мырза туралы тарихи драмасы Жамбыл облыстық тетарының репертуарында. Көбінесе тарихи тақырыптарға жазады.

Шығармалары

"Төле би және Қойгелді батыр" (1992), "Рысбек батыр" (1994) атты жинақтары, "Бөлтірік би" атты тарихи хикаяты (1996), сондай-ақ "Талас-Тараз" (1998, "Санат"), "Жауғаш батыр - Абылай ханның елшісі" (1999), "Сыпатай батыр" (2000), "Тағдыр толқындары", "Шапырашты Наурызбай батыр" тарихи деректі романдары жарық көрген.

Жетістіктері

Қазақстан журналистер одағының лауреаты, Тараз қаласының Құрметті азаматы. Бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>"Қазақстан жазушылары" анықтамалық, Ан Арыс баспасы, Алматы, 2009,ISBN 978-601-7130-43-5</ref>.

Дереккөздер <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}