Бақтиярнаме

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“Бақтиярнаме” (“Бақтияр туралы кітап”) — көне парсы әдебиетінің ескерткіші. Парсы тілінде (пехлеуи) жазылған бұл еңбектің түпнұсқасы күні бүгінге дейін табылмай отыр. Дақаиқи Мәруази (12 ғасыр) шығармаға түзету енгізіп, “Рақат ул-арвах” деп атады. Шығарманың бұл нұсқасы Иранда (Тегеранда, 1967) жарық көрді. “Бақтиярнаме” беймәлім авторлардың көмегімен Лондонда (1801), Парижде (1829), Тебризде (1890), Ленинградта (1926), Тегеранда (1952), т.б. басылып шықты. “Бақтиярнамеде” Азадбахт патшаның баласы Бақтияр мен он уәзір арасында болған оқиғалар баяндалады. “Бақтиярнаме” композициясының құрылымы жағынан “Мың бір түн”, “Синдбаднамеге” ұқсас. “Бақтиярнаме” араб, хинди, түрік, Әзірбайжан, орыс, неміс, т.б. тілдерге аударылды. Қазақ ақындары да “Бақтиярнаме” сюжеті негізінде жырлар шығарып, дастандар жазған; қазіргі. “Бақтиярдың қырық бұтағы”.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бақтиярнаме|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}