Бақи Шалымбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақи Шалымбетов (10.12.1865, бұрынғы Семей облысында, Қарқаралы уезі — ө.ж.б.) — Верный қаласының алғашқы қазақ фельдшері. Ол — М. Тынышпаевтың қайын атасы.

Өмірбаяны

  • 1977-78 жылдары Қарқаралыдағы приход, училищесінде оқыған.
  • 1885 жылы Омбыдағы орталық фельдшерлер мектебін бітірген соң генерал-губернатор Г.Н.Колпаковскийдің тікелей араласуымен 4 жігітпен бірге Жетісуға жіберіледі.
  • 1885 жылы Верный уездік дәрігері И.И.Соболевскийдің жанында фельдшер болған.
  • 1891 жылы коллеж-тіркеуші лауазымына ие болып, 1893-95 жылдары Дала генерал-губернаторы кеңесінде, Верный уездік басқармасында аудармашы, хатшы қызметтерін атқарды.
  • 1917 жылы ақпанда Черняев (Шымкент) қаласында титулярлы кеңесші шенінде болған.

Марапаттары

  • Лентаға тағылатын Александров күміс медалімен марапатталды. <ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}