Бақауыз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақауыз (Cymbarіa) – сабынкөктер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 1 түрі – дауыр Б-ы (С. dahurіca) бар. Биікт. 10 – 15 см. Өсімдіктің сыртын қалың ақ түк басқан. Сабақтары бірнешеу, сирек дара болады. Сабақ түбіндегі жапырақтары қандауыр, сабақ бойындағылары ұзын, қарама-қарсы орналасады. Гүлі жапырақ қолтығынан шығады, күлтесі ірі, ашық сары түсті. Аталығы төртеу. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. Жемісі – жұмыртқа пішінді қорапша. Әсемдік үшін өсіріледі. Дауыр Б-ы Алтайда ғана кездесетін өсімдік болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бақауыз|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}