Бақан салу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақан салу - киіз басуда қолданылатын амалдың бірі.

Шабақталып, тартылып су себіліп, тізгін жіп салып шиыршықталған жүнді ыспалау үшін арқанмен байлап домалатып тебеді. Мұндайда үш қанат шиді қатарластыра салып, үлкен көлемді киіз болса, киіздің өзегіне ұзын бақанды салып шиыршықтайды. Шиді ту сыртынан буып, шиден шыгьш түрган бақанның екі басына жіп салып, қаңтарып байлайды. Бақан салу амалы қатарластыра салған шидің сыртқа сусып шықпауын қамтамасыз етеді, әрі киізді атпен, түйемен тартуға қолайлы жағдай туғызады. Мұндайда бақанның екі басына ерден таралғысымен суырылып алынған үзеңгі кигізіліп, оған арқан байланып, атқа мінген адам тақымдап баяу, еппен сүйретеді<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бақан салу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}