Бақай Мықтыбекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақай Мықтыбекұлы (17031802) — батыр, 18 ғасырда жоңғарларға қарсы соғыста Райымбек жасағының жүзбасы болған. Руы — Жалайыр. Мықтыбек бидің бәйбішесі Айнаштан туған алты баланың бірі.


Бақай Жетісудың Кеген, Шелек аймағындағы ұрыстарда айрықша көзге түскен. Қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы Шілікті (Шелек) деген жердей ұрыста қазақ қолын бастап, Көкпектінің кең жазығындағы кескілескен шайқастардың бел ортасында болған. Онда қаза тапқандарды жерлеген оба кейіннен "Ойран төбе" аталып кетті (Еңбекшіқазақ ауданы Сөгеті, Бартоғай бөгенінің маңы). Бақайдың қалмақ батыры Домбауылды жекпе-жекте жеңгендігі жөнінде аңыз бар. Бақай Қаратал өзенінің жағасына, Қаңғай деген жерге жерленіп, басына күмбез тұрғызылған. Өзен суы жарды бұзып, бейітке жақындаған соң 1960 жылы аталастары (өз кіндігінен ұрпақ жоқ) сүйегін басқа жерге апарып қойып, басына құлпытас орнатты.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}