Бағдарлау спорты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Orienteering symbol.svg
Бағдарлау спортының халықаралық эмблемасы

Бағдарлау спорты - спорттың бір түрі. Қатысушылар құбылнама мен спорттық картаның көмегімен картада белгіленген барлық бағдарлау пункттерінен өту керек. Жарыстың нәтижесін команданың дистанцияны өткен уақыты мен ұпайлары шығарады. Жарыс көбіне тау шатқалы мен орманды жерлерде өткізіледі.

Спортшыларға жарыс жолы белгіленген карта жарыс алдында таратылып беріледі. Қашықтық жер жағдайына, орманның қою, сиректігіне, жарысқа қатысушылардың жас ерекшелігіне байланысты берледі. Негізінде, ересектер мен жас өспірімдер 6-12 км, әйелдер (16 жастан жоғарылар) 4-6 км қашықтықтарға жарысады. Аса тәжірибелі спортшылар 12 км артық қашықтық белгілеуге болады. Қатысушылар бірінен соң бірі бір минуттан кейін жолға шығады. Мәре мен жол бойындағы бағдарлау пункттері жалаумен белгіленеді.

1960 жылдан Бағдарлау спорты жеке спорт түрі болып туризмнен бөлініп шықты. Бағдарлау спортынан еліміз бойынша ресми жарыстар өткізіліп тұрады. Қазақстанда тұнғыш рет 1963 ж. жарыс өкізілді. Республикамызда Бағдарлау спортын тұңғыш ұйымдастырғандар - А. Жақсылықов, Ю. Накатков және басқалар<ref> Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том</ref> .

Жабдықтау

Сурет:Lob-fran-crop.jpg
Спортшының кеудесіне бекітілген картасы бар Планшет
  • Компас (арнайы);
  • Карта ;
  • Түсініктеме — бағдарлау пункттері туралы арнайы символдар қолданып салынған сипаттама;
  • Белгілеу чиптері (SFR, SportIdent, Emit);
  • Шиповкалар;
  • Қол шамы;
  • Планшет ;
  • Шаңғы (керек болса);
  • Велосипед (керек болса);
  • Спорт киімі.
250px 100px 280px 100px 120px
Компас Түсініктеме Карта Белгілеу чиптары Emit Бағдарлау пункті

Дереккөздер

<references/>