Бағдарламалық тестілеу
Бағдарламалық тестілеу (Тестирование; testing) — тұтас компьютердің немесе оның жекелеген бөліктері мен программалық жасақтамалары жұмысының дұрыстығын анықтайтын процесс.
Мазмұны
Альфа-тестілеу
Альфа-тестілеу (Альфа-тестирование; а- testing) — арнайы жасалған тапсырмалар арқылы даяр программалық өнімді тестілеу.
Артыгымен тестілеу
Артығымен тестілеу (Избыточное тестирование; redundancy) — күрделірек тестіні пайдаланып қайта тестілеу.
Бета-тестілеу
Бета-тестілеу (Бета-тестирование; (3- testing) — программалық өнімді келешек өзгертулерге тегін таратып, нақтылы тапсырмалармен тестілеу.Табылған қателер мен ескертулер жайлы программалаушыға хабарлайды.
Кездейсоқ тестілеу
Кездейсоқ тестілеу (Стохастическое тестирование; stochastic testing) — құрылғыларды, программаларды және жүйелерді кездейсоқ мәндерді тест ретінде қолдану арқылы тестілеу. Берілген мәліметтердің барлық мүмкін комбинацияларьін шолып шығу қиын болған жағдайларда күрделі жүйелерді тестілеу.
Қурылымдық тестілеу
Қурылымдық тестілеу (Структурное тестирование) —программаның ішкі құрылымын зерттеу арқылы тестілеу.
Қызметтік тестілеу
Қызметтік тестілеу (Функциональное тестирование) — программаның ішкі құрылымы қарастырылмастан, функционалдық мүмкіндіктерін тестілеу.
Өрлемелі тестілеу
Өрлемелі тестілеу (Восходящее тестирование; ascending testing) — программалық өнім төменнен жоғары тексеріліп жинастырылатын программаны тестілеу әдісі. Мұнда алдымен төменгі модульдер жеке- жеке тексеріліп, олардың интерфейстері одан жоғарырақ деңгейдегі модульдермен бақыланады, сонан соң осы деңгейдің модульдері тексеріледі және т.б. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>
Дереккөздер
<references/>