Бағдад шарты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ұйым Бағдад шарты – «Орта Шығыс қорғаныс ұйымы» (Үлгі:Lang-en) деп (1955 ж. 24 ақпан – 1979 ж.<ref>Central Treaty Organization (CENTO) entry in Encyclopaedia Iranica)</ref>) аталған Таяу және Орта Шығыстағы, құрамында Ұлыбритания, Түркия, Ирак (1959 ж. наурызға дейін), Иран, Пәкістан елдері болған соғыс одағы. АҚШ ресми түрде Бағдад шартына қосылмаса да, 1957 жылдары оның соғыс, экономикалық комитеттерінің жұмысына қатысты. Бағдад шартының құрылуы Түркия мен Ирактың арасындағы (1955 жылы 24 ақпан) Бағдадта қол қойылған соғыс одағы туралы келісім шарттан басталады. Кейін Бағдад шартына Ұлыбритания (1955 жылы 4 сәуір), Пәкістан (1955 жылы 23 қыркүйек), Иран (1955 жылы 3 қараша) қосылды. Осы елдердің біреуі НАТО-да, біреуі СЕАТО-да мүше болуына қарай, Бағдад шартының сол соғыс одақтарымен тығыз бай ланысы бар. Бағдад шарты социалистік елдерге қарсы бағытталған. Ирак Корольдігінде төңкеріс (1958 жылы 14 шілде), оның Бағдад шартынан шығуы (1959 жылы 24 наурыз) осы топты үлкен дағдарысқа ұшыратты. АҚШ үкіметі Бағдад шартын СЕНТО –ға ауыстырып (1959 жылы 27 тамыз), оны сақтап қалды.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1976 ж. 3-том, 73-бет </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер