Баға жетпес байлығымыз бар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баға жетпес байлығымыз бар' – жарты ғасырлық тарихы бар (Қарағанды) теледидар өмірінің шежіресі деуге тұрарлық материалдар.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009,1-т.–640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. Cаны қазір (2008) 3 мыңнан асады. Телеарнада бұрын ашылған облыстық радиоға қатысты екі мыңға тарта үнтаспа сақтаулы. Онда орыс және қазақ халқының классикалық халық әндері мен күйлері бар. Облыстың 1950-60 жылдары қамтитын кейбір қысқа-қысқа бейнекөріністер облыстық мұрағаттан көшіріліп алынған. Фонотекада сақтаулы 150 дана "MAXIM" кассетасы 1970-80 жылдары облыстың бейнешежіресінен бір үзік сыр шертеді. Кейіннен "SVHS" кассетасына көшті. Қазір фонотека қорында оның жалпы саны – 1800 данасы. 90-шы жылдардың екінші жартысына дейін пайдаланылған бұл бейнетаспада облыста өткен даталы мәдени шаралар және жекелеген хабарлар қамтылған. Соңғы он жылдан бері журналистер "DVCPRO", "DVCAM" кассеталарымен жұмыс істеп келеді. Әр жылдары көрермендер көңілінен шыққан "Біз жанбасақ", "Ойлан-тап", "Айтыс", "Қонақ-кәде", "Жансарай", "Өнерлі өрендер", "Ауыл тынысы", "Шахтерский канал", "Сіз бен біз", "Сарыарқа –колыбель дружбы" атты хабарлар бейнеқордың байлығы. Тележурналист Г.Бұхарбаеваның ғана 200-ден астам "Әйел әлемі", "Руханият", "Парасат" тарихи-танымдық секілді хабарлары қорда сақтаулы. Соңғы кездері "Жаңалықтар" редакциясынан өткен күнделікті бейнекөріністер "DVD-R" дискісіне көшіріліп сақталады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}