Баяу балқитын қорытпалар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баяу балқитын қорытпалар - темірдің балқу температурасынан (1539°С) жоғары температурада балқитын қорытпалар. Баяу балқитын қорытпалар негізі титан, тантал, ванадий, хром, цирконий, ниобий, молибден, вольфрам сияқты баяу балқитын металдар немесе олардың металл емес элементтермен қосылысынан құралады. Мысалы, кейбір баяу балқитын қорытпалардың балқу температурасы мынадай: MоSі2 - 2000°C, ZrO2 - 2700°C, TіC - 3140°C, TaC - 3900°C. Олар ыстыққа төзімді материалдар ретінде қолданылады. Титанның қорытпалары өте жоғары температураға (3140°C) ұзақ уақыт шыдайды. Мұндай қорытпалардан ғарыштық техника бөлшектері, ыстыққа төзімді лабораториялық ыдыстар, тағы басқа жасалады. Цирконий қосылыстарының маңыздысы - цирконий диоксиді. Ол ыстыққа (2700°C) және химиялық әсерге төзімді болып келеді. Сондықтан одан ыстыққа төзімді бұйымдар (мысалы, тигель, балқуы қиын шыны, зертас, эмаль) дайындалады. Қазақстанда Баяу балқитын қорытпаларды зерттеумен Металлургия және кен байыту институты айналысады. Онда титанның оксиді мен петрохлоридін алу мен тазалау, титан өндірісіндегі шала өнімдерден ілеспе элементтерді бөліп шығару технологиясы жасалынып, өндіріске (Өскемен титан-магний комб-нда) енгізілді. Сондай-ақ, институтта әр түрлі металлургия шикізатынан ванадий алу әдістері табылды, құрамында алюминий тотығы және ванадийі бар домналық күлдерді гидрохимиялық жолмен қайта өңдеу процесі зерттелді.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Баяу балқитын қорытпалар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}