Баян (Алтын Орда ханы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Баян хан - Алтын Орда құрамындағы Шығыс Дешті - Қыпшақ немесе Орда-Ежен ұлысының билеушісі (1301 - 09).

Биографиясы

Шығу тегі: Шыңғыс хан - Жошы хан - Орда Ежен хан - Сартақтай - Қоныша хан (Кончи, Коюнчи, Кучи) - Баян хан.

Ұзақ уақыт Орда-Ежен ұлысын билеген (1280 - 1301) Қоныша, Ирандағы Құлағу әулетінің билеушілері Арғұн ханмен (1281 - 92 жылы билік құрған), кейін Газан ханмен (1295 - 1304 жылы билік құрған) тығыз қарым-қатынас орнатып, елшіліктер алмасқан. Баян хан Қонышаның Нүкілін қатын атты әйелінен туған. Ол билік басына келісімен Құбылықтың (Кублук) қарсылығына ұшырайды.

Рашид әд-Дин жылнамасында: Үлгі:Дәйексөз деп жазылған.

XIV ғасырдың басында Баян хан Құбылықтың кенеттен жасаған соққысына төтеп бере алмай, Алтын Орда ханы Тоқтадан (Тоқтай) жәрдем сұрайды. Алтын Орда ханы әскери көмек көрсете алмай Қайду мен Дуваға елші жіберіп, Құбылықты Ордаға жіберуін талап етеді. Баян ханға ұлысты билеу туралы жарлық береді. Баян ханның Газан ханмен арадағы жақындығы Қайду мен Дуваның Хулагу әулетінен шыққан билеушіге қарсы күресіне кедергі болды. Сол себепті Қайду мен Дува Тоқта ханның жарлығына құлақ аспай, Орда Ежен ұлысы тағына Баян ханның орнына Құбылықты отырғызбақ болады. Баян хан Құбылық пен Қайду, Дува әскерлеріне қарсы 18 рет соғысып, оның 6-на өзі қатысты. 1303 жылы қыста Баян хан елшілері Иранда болып, Газан ханнан көмек алады. Осы соғыстар нәтижесінде, ол ұлыстың басым бөлігіне иелік етеді де, Құбылыққа аз бөлігі тиеді. Баян ханның Шәді, Мүкі, Сасы Бұқа, Солжикутай атты 4 ұлы болды. Баян хан қайтыс болған соң билікке Сасы Бұқа келді (1309 - 15).

Сыртқы сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

Тағы қараңыз

Үлгі:Ақ Орда хандары