Баян Бекетова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баян Бекетова (1961 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында дүниеге келген) - жарналист, ақын.

Өмірбаяны

  • ҚазМУ-дің журналистика факультетін 1984 жылы бітірген.
  • Қазақ телевизиясы мен радиосы мемлекеттік комитетінде, «Егемен Қазақстан», «Халық Кеңесі» респӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіубликалық газеттерінде тілші-журналист қызметтерін атқарған.
  • Алматы қалалық әкімшілігінің Тіл басқармасының мемлекеттік және өзге тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болған.
  • Қазір Алматы қаласы мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінде Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маман редакторы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Шығармалары

Өлеңдері енген ұжымдық жыр жинақтары:

  • «Аудитория»
  • «Қарлығаш»

Өзінің жеке жыр жинақтары:

  • «Үмітім менің» (1982)
  • «Жалғыздық» (1984)
  • «Сәмбітал» (2001)
  • «Көлбастау» (2001)
  • «Менсені сағынғанда» (2001).

Жетістіктері

  • ІІ Халықаралық Түркі поэзиясы фестивалінің лауреаты.
  • «Сорос Қазақстан» Халықаралық қорының «Қазіргі заман поэзиясы» бәйгесінің жеңімпазы.
  • Алматы қалалық әкімдігінің Абай оқулары, қала күніне арналған қалалық ақындар мүшәйрасының, тағы басқа көптеген жыр мүшәйраларының жүлдегері.
  • Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2008).<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}