Баяндау әдісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баяндау әдісі – әңгімешінің, жазушының оқиғаны өз атынан айтып беруі.

Баяндау әдісі ұтымды әдіс ретінде көркем әдебиетте және әдістеме ғылымында қолданылады.

Көркем әдебиеттегі баяндау жазушының шеберлігіне, тілінінң табиғилығы мен ойнақылығына байланысты ұтымды көркемдік әдіс болып қалыптасқан. Әсіресе, ұлттық қазақ прозасындағы бұл әдіс шығармаға дәстүрлі әңгімешілдік сипат дарытатын пішім ретінде бағаланып жүр.

Әдістеме ғылымындағы баяндау - оқу материалының мазмұнын белгілі жүйемен әңгімелеп түсіндіру тәсілі. Баяндау барлық сыныптарда, әртүрлі пәндер (көбінесе, гуманитарлық) бойынша қолданылады. Баяндау әдісін қолдануда оқушыларға оқу материалын неғұрлым толық, ғылыми нанымды әңгімелеу көзделеді. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру, пікірлесу, әңгімелесу, көрнекілік тәсілдерін пайдалануға болады. Ұтымды қолданылған баяндау әдісі оқушылардың сабаққа ынта-ықыласын, белсенділігін арттырады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қабылдау, ойлау қабілеттеріне қарай бақылау әдісінің алдын ала логикалық жоспары жасалады. Баяндау әдісімен сабақ өткізуде мұғалімнің әңгімелеу шеберлігі, сөзінің әсерлілігі зор маңызға ие болады.<ref> Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}