Баянауыл (фильм)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Баянауыл» (фильм) – «Қазақтелефильм» студиясының 1 бөлімді, орыс тіліндегі, түрлі түсті көріністі фильмі (1977).<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Фильм табиғаты тамаша Баянауыл тауы мен көкшіл көлдерінің әдемі пейзаждарын көрсетеді.

Онда осы өңірдің даңқын асырған, қазақтың атақты тұлғалары - ақын С.Торайғыров, Қазақ театры мен киносының алғашқы режиссерлері Ж.Шанин мен Ш.Айманов, Қазақ КСР Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ.Сәтбаевтар туралы айтылады. Баянауылдағы Қ. Сәтбаев музейі, ондағы ғұлама ғалымның жинаған және тұтынған дүниелері көрсетіледі.

Режиссері – Қ. Ахметов, операторы - Д.Гильманов.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала