Баянауыл кенді ауданы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баянауыл кенді ауданы Қазақстанның солтүстік-шығысындағы геологиялық тұрғыдан біртұтас құрылымдық-металлогендік белдем. Баянауыл кенді ауданы Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен Балқаштың герциндік, Көкшетау қыраты мен Шыңғыстаудың және Тарбағатайдың каледондық құрылымдары түйіскен жерде орналасқан. Солт., шығысы мен оңт-нен терең жарылыстармен, батысынан Майқайың – Екібастұз антиклинорийімен шектелген. Ауданның гравитациялық өрісінің мәні әр түрлі болып келеді. Магнит өрісі тау жыныстарының күшті өзгеріске ұшырап ұнтақталған жерлерінде теріс мәнді (-1000 гаммаға дейін), гранит массивтері орналасқан орындарда теріс және оң мәнді (-100 гаммадан +100 гаммаға дейін), негізді және ультранегізді жыныстар аумағында тек оң мәнді (+100 гаммадан +600 гаммаға дейін) болады. Баянауыл кенді ауданы Майқайың – Екібастұз (жоғ. протерозой), Баянауыл, Александров (кембрий-төм. ордовик) антиклинорийлері, Ащысу (ордовик-силур), Қызылтау (силур-төм. девон) синклинорийлері және Майкүбі грабені сияқты құрылымдардан тұрады. Майқайың – Екібастұз антиклинорийі солтүстік-шығысқа, қалғандары ендік бағытқа, ал жарылыстар ендік және солт.-батыс бағытқа созылған. Протерозой жыныстарында ультранегізді интрузиялар, гранодиориттер тараған. Силур кезеңінің басынан жоғарғы палеозойдың аяғына дейінгі аралықта енген интрузиялар қышқыл және сілтілі құрамды болып келеді. Баянауыл кенді ауданының темір (Мырзашоқы, Сарытөбе) және қорғасын (Александров) кендері скарндермен байланысты. Серпентиниттердің үгілу қыртысында никель кендерінің белгілері байқалады. Ордовиктің порфириттерінде, жоғарғы палеозой граниттері мен силур құмтастары ішіндегі кварц желілерінде алтын (Найзатас), Баянауыл гранитінің кварцты грейзендерінде күміс, алтын, т.б. сирек кездесетін металл кендері бар. Баянауыл кенді ауданында флюорит, барит кендері де кездеседі. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Баянауыл кенді ауданы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}