Бахтияр Бағашарұлы Байсейітов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бахтияр Бағашарұлы Байсейітов (25 қыркүйек, 1971 жыл, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы кенті) - балуан, грек-рим күресінен ҚР Ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы (2010 жылдан), Әлем чемпионы.

Өмірбаяны

Жетістіктері

  • КСРО Халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері (Запорожье, 1991);
  • грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері (Хиросима, 1993; Гуанжоу, 1996);
  • Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Прага, 1995);
  • Азия ойындарының (Бангкок, 1998) жеңімпазы.
  • Азия және Океания чемпионатының (Бангкок, 1997) жеңімпазы.
  • Әлем чемпионатының (Евле, 1998) жеңімпазы.
  • Азия чемпионатының (Филиппин, 1995; Сеул, 2000) жеңімпазы.

Атақтары

  • КСРО спорт шебері (1989).
  • ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (1995).
  • Жыл спортшысы (1998).

Марапаттары

  • ҚР Тәуелсіздігінің 10-жылдығы құрметіне орай ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.
  • «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (1999).

Отбасы

  • Әкесі - Байсейітов Бағашар Жылқайдарұлы, марқұм. Анасы - Байсейітова Людмила Яковлевна, зейнеткер.
  • Үйленген. Жұбайы - Байсейітова Маржан (1973 жылы туған), интерьер дизайнері.
  • Ұлдары - Бағашар Санжар Бахтиярұлы (1994 жылы туған), Байсейітов Сәлім Бахтиярұлы (1996 жылы туған);
  • Қызы - Байсейітова Інжу Бахтиярқызы (2004 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub