Бауырымдау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бауырымдау — қазақтың өлік жөнелту салтындагы аза тұту, қайғыру жосыны. Қайтыс болған адамның жақын туыстарына көңіл айтуға келген ағайын-туыс, ауыл-аймақ, таныс-біліс адамдар үй маңына жеткенде ат-көлігін қалдырып, «ой- бауырымдап!» дауыстай жылап келеді. Қаза қайғысын білдіретін бұл салт жөнінде Ш.Уәлиханов: «кісі қолынан қаза болған марқұмға келушілер ауылға таяғанда аттың басын жіберіп «ой, бауырымдап» шауып келу бар», - деп жазды. 

Қазіргі кезде ер адамның бұлайша дауыс қылып келу салты негізінен Оңтүстік және Жетісу өңірінде сақталып отыр. Кейбір жағдайда, «атам-ау, апам-ау» түрінде де айтылады. Мұндай кезде «Сыйласқанға жат жақсы, жоқтасқанға бауыр жақсы» деген дәстүрлі ортада ағайын арасындағы бұрыннан келе жатқан бас араздық, өкпе-наз ұмытылып, қайтыс болған адамды ақтық сапарға шығарып салу жоралғылары бірлесіп атқарылады.

Келген адамдар ер адамдармен далада көрісіп, қайғыға ортақтастығын білдіріп жылап жоқтайды. Әйелдер үй ішіндегі әйелдерге өтіп, жоқтау айтып отырғандармен түгел амандасып, қайғыға ортақтығын білдіреді. Ағайын, тума-туыс, дос-жаран, құрбы-құрдастар адамынан айырылып, қайғы жұтып отырған үйге көңіл айтып, қайғыға ортақтасып рухани, өлікті жөнелту ғұрыптарын атқаруға көмек беріп материалдық қолдау білдіреді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бауырымдау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}