Бауыржан Өміржанұлы Жақып
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бауыржан Өміржанұлы Жақып (1 мамыр 1963 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Аққора ауылы) – ақын, филология ғылымдарының докторы (2004), профессор (2007), Қазақстан Журналистика академиясының (2006) және Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ұлттық ғылыми академиясының корреспендия мүшесі (2007).
Өмірбаяны
- ҚазМУ-дың журналистика факультетін (1985, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.
- ҚазМУ-да стажер-зерттеуші (1986–88), ассистент (1988–91), аға оқытушы (1991–94), деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі (1995–2001, 2008–09), журналистика факултетінің деканы (2001–08) қызметтерін атқарды.
- 2009 жылдан «Қазақ энциклопедиясының» бас директоры.
- Семей мемлекеттік университетінің құрметті профессорі (2009).
Шығармалары
- “Жұлдызды шақ” (1987)
- “Көзімнің нұры” (1990)
- “Айдындағы аспан” (1996)
- “Ақ лақ” (1997) жыр жинақтары
- “М.Әуезов — публицист” (1997) ғылыми-зерттеу кітабы жарық көрген.
Ғылыми жұмысы
- «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – қазақ көркем әдебиеті мен журналистикасындағы пубицистика жанрының қалыптасуы, дамуы, теориялық және шығармашылық мәселелері.
- Жақып 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
Марапаттары
- Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты (1990)
- Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1998)
- Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар (1999) сыйлықтарының лауреаты.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>