Бауыржан Қарабеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Бауыржан Қарабеков.png
Бауыржан Қарабеков

Бауыржан Қарабеков (25 қазан, 1956 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Асықата аулында туған) - ақын.

Өмірбаяны

  • 1978 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірген
  • КСРО Радио өнеркәсібі министрлігінде жұмыс істеген.
  • 1978—1982 жылдары Қазақ политехникалық институтында инженер, кейіннен оқытушы болған.
  • Мәскеу энергетика институтының аспирантурасын бітірген.
  • 1991 — 1994 жылдары «Мақсат» мейірімділік қорында қызмет істейді.
  • 1991 — 2000 жылдары ««Butya» компаниясы құрылымдарында қызмет істейді.
  • «Үміт» зейнетақы қорында жауапты қызметтер атқарған.
  • «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы директоры болған.

Шығармалары

Өлеңдері 1990 жылдан бері газет-журналдарда жарияланып келеді.

  • 2001 жылы «Үш қиян» баспасынан «Қызылдың ауыл қүмында»
  • «Қүмдағы жазулар» (2007) атты өлеңдер жинағы жарық көрген.
  • Топтама өлеңдері бірнеше жыр жинақтарына енген.

Жкетістіктері

  • М.Жұмабаевтың, С.Мұқановтың 100 жылдық, Қ.Аманжоловтың 90 жылдық мерейтойларына арналған мүшәйралардың жүлдегері.
  • «Қазақ әдебиеті» газеті жариялаған «Бір өлеңнен білінер» жабық жыр бәйгесінің Бас жүлдегері.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер