Бауыржан Рамазанұлы Нөгербек
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бауыржан Рамазанұлы Нөгербек (6 тамыз 1948, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Ұлытау ауылы) – кинотанушы, өнертану ғылыми кандидаты (1989), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1999).
Өмірбаяны
- 1971 ж. Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік кинематография институтының кинотану факультетін (проф. Н.П. Туманованың жетекшілігімен) бітірді.
- 1981 – 1985 ж. Қазақстан Кинематографияшылар одағы басқармасының хатшысы болды.
- 1993 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясында пед. қызметпен (2000 жылдан проф., 2001 жылдан кафедра меңгерушісі) айналысады.
Ол қазақ мультипликациялық кино саласын (“Ертегілерге тіл біткенде", Қазақстанның мультипликациялық киносы, 1984), сондай-ақ кино өнерінің зәру, көкейкесті мәселелерін (“Қазақстан киносы”, 1998) зерттеумен шұғылданады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Отбасы
- Үйленген. Жұбайы - Бекқожина Гүлжаһан Қалижанқызы, продюсер, шеберхана жетекшісі.
- Ұлдары - Нөгербек Сәкен, Нөгербек Баубек; қызы - Нөгербек Алтынай.
Дереккөздер
<references/>
Санат:
- 6 тамызда туғандар
- 1948 жылы туғандар
- Ұлытауда туғандар
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының түлектері
- Қазақстан тарихшылары
- Қазақстан киносыншылары
- Қазақстан педагогтары
- Қазақстан кинотанушылары
- Қазақстан өнертанушылары
- Өнертану ғылымдарының кандидаттары
- Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары