Баусексеуіл қорғаны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баусексеуіл қорғаны - ортағасырлык қамал орны. Ызакөл ауылынан 2 км оңтүстік-батысқа қарай Сырдарияның ескі арнасының жиегінде.


2002—03 жылы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейімен Шымкент қаласы Археология және этнология ғылыми-зертттеу орталығының археологиялық экспедагогикалық (жетек. С.Ахмет, З.Исабек) зерттеген. Қорғанның оңтүстік оңтүстік- батыс жағында Сырдария өзенінің ескі арнасы (өзек) өтеді. Осы арна өзектен 27 м жерден қорған басталады. Қорған екі бөліктен тұрады, әр бөліктің сырт жағын айналдыра ені 7x5 м болатын ор қазған. Бірінші қорған 6 мүнаралы болып келген. Әр мұнара корған қабырғасынан ерекше шығыңқы етіп көтерілген. Қорған ауданы 20x31 м, биіктігі 2,50x2,20 м. Оның оңтүстік батыс және солтүстік-батыс қабырға жағында доға пішінді екінші қорған орналасқан. Екі қорған арасын ені 10x8 м келетін ор бөліп тұр. Екінші қорғанның ауданы 36x30 м. Солтүстік-батыс жақ қабырға бойында 4 мұнара орны анықталған. Қабырға дуалының қазіргі жайылып кеткендегі жалпақтығы 12x10x20 м. Екінші қорғанды да айналдыра ені 8 м келетін ор қоршап тұр. Ордың сыртынан 110x69x48 м жерден өзектен тартылған, ені 3x7м келетін арық қазылған. Археологиялық зерттеу барысында Баусексеуіл қорғанысын халық 9—12 ғасырларда мекен еткен.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}