Батыс Қазақстан облысының геологиялық құрылысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Батыс Қазақстан облысының геологиялық құрылысы

Геологиялық құрылысы

Облыс жер қойнауының геологиялық құрылысы Каспий маңы ойысы мен тұзды күмбезді тектониканың солтүстік бөлігіндегі жағдайынан туындайды, соған негізделеді. Каспий маңы ойысының солтүстік бөлігі (оны кейде Солтүстік Каспий маңы деп те атайды) палеозой, мезазой және кайнозой шөгінділерінен түзілген. Тұзды күмбездер көтеріле жырымдаған беткейінде ғана жалаңаштанып, жер бетіне шыққан пермь шөгінділерінен басқа палеозойлық жыныстар қабаты 3,5-5 км-лік үлкен тереңдікте жатыр және олар солтүстік аудандардағы бұрғылау скважиналарымен ғана ашылады. Пермь шөгінділері сакмар және артин ярустарына жатады. Әдетте, бүл құм дақ-сазды шөгінді қабаттары бар пелицепод және маржан түзейтін организмдер фаунасының, теңіз шөгіндісінің қалдықтары болып табылады. Бүл шөгінділер мұнайлы-газды болып 19 келеді әрі олардың өнеркәсіптік құндылығы Батыс Теплов, Жданов, Ульянов, Цыганов]және Қарашығанақ учаскелерінде дәлелденген. қарашығанақта мұнай-газ шоғырлары 4-5 км-де, қалғандарында 3200-3600 м тереңдіктегі қабаттарда түзілген. Кейінгі пермь дәуірі өзінің төменгі бөлігінде кунгур ярусынан галогенді-сульфатты шөгінділерімен, жоғарғы жағында қызыл түсті құм дақ-сазды түзілістермен ерекшелінеді. Кунгур ярусы гипс, ангидрит және борға бай тұздармен қабаттаса келіп, тасты тұз, карналий, сильвиннен қалыптасқан. Каспий маңы ойысының бүйірлік зонасының түсында бұлар сыналана сұғынып, бір-бірімен қабаттасқан сипатта жатады да, орталық бөлігінде тұз күмбездері кейпін иеленеді. Галогенді- сульфатты шөгінділерінің қалыңдыгы Каспий маңы ойысының солтүстік бүйірлік зонасында 1 км-ге дейін, орталық жагы мен тұз күмбездерінде 5 км не одан да қалың келеді. Мульдалар (ойыстар) деп аталатын күмбездер арасындағы түз қабаттары әдетте барынша өте жұқа болып келеді, Бұлардың орташа қалыңдығы — 2,5 км. Галогенді сульфатты шөгінділердің түзілісі жердің терең қойнауынан шыққан тұз қышқылдарының әсерімен не көлтабандық жағдай- лармен байланыстырылады. Аймақтағы жоғары пермь шөгіндісі кірпішті қызыл саз, аргиллит, мол споралы-тозаңды құм дақтар түрінде кездеседі. Бояғыштар алу үшін минералды шикізат ретінде әбден жарамды қошқыл саз және саздақтар, комірге айналған қабаттар, ал мульдаларда өте тереңде жатқан битумға бай көмір қабаттары кездеседі. Жоғары пермь шөгінділерінің қалыңдығы тұз күмбездерінде бірнеше м-ден, мулвдаларда 2-2,5 км-ге дейін болып келеді.

Триас шөгінділері

Триас шөгінділері сыртқы түстері жағынан жоғары пермьдіктерге үқсас келеді, бірақ литологиялық құрамы олардан ерекше болады. Триастың карбонатты төменгі бөлігі — вятлуж және басқұншақ ярустары түрінде қалыптасқан жөне жоғарғы терригенді бөлігі негізінен аргиллитті, сазды жөне құм дақты келеді, қалыңдығы - 300-400 м.

Юра шөгінділері

Юра шөгінділері сазды және құм дақты болады. Саз шөгінділеріндегі алғашқы түзілістерде көмірге айналған өсімдік қалдықтары, моллюсқалардың қайраң сулық фаунасы аралас құмдақ қабаттарын түзген, жалпы юра шөгінділерінің қалыңдығы — 250-350 м. Бор шөгінділері бір-бірінен айрықша ерекшелінетін төменгі — құмдақ-саздақ және жоғарғы — карбонатты жеке қабаттардан тұрады; карбонатты шөгінділер негізінен жазатын бор, мергелден, сирегірек пелиципод, теңіз кірпісі, белемнит жөне аммониттен, фауна қалдықтары араласқан әктастан тұрады. Бор шөгінділерінің қалыңдығы — 250-300 м. Палеогенді шөгінді эпоко түріндегі (кремнийлі) саз, құм дақтардан тұрады. Тұз күмбездерінде палеоген жыныстары шайылып кеткен, тек күмбезаралық кеңістіктерінде ғана сақталып қалған; Бұл ардың қалыңдығы 400 м-ге жетеді.

Неоген шөгінділері

Неоген шөгінділері саз, құм жөне конгломераттан, ұсақ екі бөліктен тұратын өлсіз жабысқан қиыршықтастың 3-4 қабатынан қалыптасқан. Көнгломератты болуы олардың құлама тік жағалық теңіз жағалауында түзелгенін көрсетеді. Қалыңдығы — 200-250 м. Төрттік шөгінділер езен, көл-батпақты түзілістер болып келеді. Литологиялық құрамы жағынан аллювийлі жөне золды ұсақ-малтасты, құм айт жөне саздақтарға ажырайды; қалыңдығы - 100 м-ге дейін.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}