Батыс Самоа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Samoa - Apia Govt buildings.jpg
Апиядағы әкімшілік үйі

Батыс Самоа - Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігіндегі аралдарда орналасқан мемлекет. Жерінің аумағы 2842 км². Халқы 169 мың адам. Астанасы - Апиа. Халқының 99%-і - самоалықтар. Ресми тілдері - самоа және ағылшын тілдері. Тұрғындардың 70%-і протестанттар, қалғаны католиктер. Мемлекет басшысы - самоандықтар көсемі деп аталады. Заң шығарушы органы - Заң шығарушылар ассамблеясы.

Сурет:3 Samoan girls making ava 1909.jpg
Studio photo depicting preparation of the Samoa 'ava ceremony c. 1911.
Сурет:Urville-Apia-public.jpg
Жергілікті халық үйлерінің іші, 1842.

Климаты субэкваторлық және тропиктік. Жыл бойғы орташа температура 25 - 27С°. Орташа жауын-шашын мөлшері 2000 - 4000 мм. Тынық мұхиттағы сауда жолының бойында орналасқан Батыс Самоаға еуропалықтар XVIII ғасырдан бастап келе бастады. 1899 жылы АҚШ, Англия, Германия мемлекеттерінің өзара келісімі бойынша ол Германияның қол астына көшті, ал 1914 жылы оны Жаңа Зеландия жаулап алды. 1929 жылы жергілікті халықтың көтерілісі күшпен басылды. Бірақ, тәуелсіздік үшін күрес жалғаса берді де, 1962 жылы 1 қаңтарда БҰҰ-ның шешімімен Батыс Самоа тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Батыс Самоа БҰҰ-на және Британия Достастығына мүше. Экономикасының негізі - ауыл шаруашылығы (халқының 70%-і айналысады). Экономикасы шет ел капиталына, ең алдымен Жаңа Зеландия капиталына тәуелді. Экспортқа шығаратын негізгі өнімдері кoкос пальмасы, банан, какао, жүгері, күріш. Бұған қоса балық аулау және ағаш өңдеу жақсы жолға қойылған. Шетелдік туристер көп келеді. Негізгі сауда серіктестері: Жаңа Зеландия, Австралия, ГФР, АҚШ, Жапония.<ref>Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5</ref><ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Батыс Самоа|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}