Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Штаб-пәтері | Абуджа, Нигерия |
Ірі қалалары | Лагос, Абиджан, Дакар |
Мүше елдер саны | 15 |
Ресми тілдері | FR, EN |
Әкімшілік | |
Комиссия президенті Төрағасы |
Джеймс Виктор Гбехо (Гана) Гудлак Джонатан (Нигерия) |
Құрылуы |
Лагос келісімі — 1975 ж. 28 мамыр |
Өзге мәлімет | |
---|---|
Ақша бірлігі | CVE, GHC, GMD, GNF, LRD, NGN, SLL, XOF |
Ресми сайты | http://www.ecowas.info |
Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы (ЭКОУАС) (Үлгі:Lang-en — Батыс Африка елдерінің аймақтық ұйымы. Қауымдастық 1975 ж. 28 мамырда аймақтың 16 мемлекеті Лагос келісіміне қол қоюы арқылы дүниеге келді. 2000 ж. ЭКОУАС құрамынан Мауритания шығып кетті.
Жоғарғы саяси органы - жыл сайын өтетін Мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының конференциясы. Министрлер кеңесі жылына екі рет шақырылады. Оған әр мемлекеттен екі өкіл қатысып, кеңес ағымдағы аса маңызды мәселелерді қарастырады.
Қауымдастықтың негізгі мақсаты - аймақтағы елдердің экономикалық интеграциясын жүзеге асыру.
Мүше елдер
ЭКОУАС құрамына 15 ел кіреді:
- Бенин,
- Буркина-Фасо,
- Гамбия,
- Гана,
- Гвинея,
- Гвинея-Бисау,
- Кот-д-Ивуар,
- Кабо-Верде,
- Либерия,
- Мали,
- Нижер,
- Нигерия,
- Сенегал,
- Сьерра-Леоне,
- Того.