Батыр Қайыпұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Батыр Қайыпұлы ( туған жылы белгісіз — 1771) — сұлтан, Кіші жүздің бір бөлігінің ханы (15.10.1748 — 1771).<ref>Материалы истории КССР, т. 2, ч. 2, М.—Л., 1956</ref>

Жошыдан тараған Жәдік сұлтанның ұрпағы. Бұхарада оқып тәрбиеленген. 1728 жылы аз уақыт Хиуа тағында отырған. 1723 - 29 жылдары қазақ-жоңғар соғыстарында Шекті руының жасағын бастап, жеке басының батырлығы және қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. XVIII ғасырдың 20-шы жылдарының аяқ кезінен бастап Әбілқайыр ханның басты бақталастарының біріне айналды. Барақ сұлтанмен келісімге келіп, Әбілқайырдың өліміне себепші болды.<ref>Материалы по истории казахских ханств. XV — XVІІІ вв., А.-А., 1969</ref> 1731 жылдың желтоқсанда Батыр сұлтан Ресей бодандығын қабылдағанымен өзінің геосаяси мақсаттарын жүзеге асыруда жоңғарларға да иек сүйеуге тырысты.<ref>Левшин А.И., Описание киргиз-кайсацских орд и степей, 2-ое изд., А., 1996</ref> Әбілқайырдың қазасынан кейін, оның ұлы Нұралы хан ханның билігін мойындаудан бас тартты. 1748 жылдың қазан айында Әлімұлының Шекті, Шөмекей, Бозғыл, Қарасақал руларының басшылары Батыр сұлтанды хан сайлайды. Бірақ Ресей өкіметі оны хан деп танымайды. 1750 - 60 жылдары Батыр хан Орта Азия жеріндегі хандармен бейбіт қарым-қатынас орнатады. Егде тартқан шағында Сырдарияның төменгі ағысындағы ордасында қайтыс болады.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref><ref>Аполлова М.Г., Присоединение Казахстана к России в 30 — 40 жж. ХVІІІ в., А.-А., 1948</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Батыр Қайыпұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}