Батырболат Айтболатұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Батырболат Айтболатұлы (19 тамыз 1972, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық ауылы) - ақын, филология ғылымдарының кандидаты (2006).


  • 1995—1997 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер
  • Қазақ энциклопедиясында жетекші маман
  • репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорында және «Арыс» баспасында ғылыми редактор (2001)
  • «Қазақстан» ұлттық телеарнасында стилист-редактор (2002)
  • «Атлас — 2001» баспасында Бас редактор
  • «Глобус» Баспа үйі» ЖШС-нің директорының орынбасары (2001 — 2004)
  • «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі (2003)
  • «Қазақстан теміржолшысы» газетінде тілші (2004 — 2006)
  • республикалық «Айқын» газетінің Астанадағы тілшілер тобының жетекшісі қызметтерін атқарған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Ғылыми еңбектері

  • 2006 жылы «Қазіргі қазақ поэзиясының түрлік-бейнелілік ерекшеліктері (1980 — 1990 жылдар лирикасы әдеби үдеріс контексінде)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.

Шығармашылығы

  • 1995 жылы «Толқыннан толқын туады» атты студенттер жыр жинағына («Ер-Дәулет») бір топ өлеңі енген.
  • Өлеңдері «Қазақстан жас ақындарының антологиясына» (А., «Өлке», 2000) енген.
  • Мен ғашық қыз. А., «Жазушы», 1996;
  • Көзмоншақ. Астана, «Елорда», 2001.

Жетістіктері

  • Жас ақын-жазушылардың халықаралық «Сорос-Қазақстан-Дебют» конкурсының жүлдесін жеңіп алған өлеңдер топтамасы арнаулы жинақта (1997, «Жібек жолы») жариялайды.
  • Екі мәрте (1997, 1998) ҚР Президентінің стипендиаты атанды.
  • Т.Айбергеновтің 60 жылдығына (1997)
  • Кенесары Қасымұлының 200 жылдығына арналған жыр мүшәйраларының жүлдегері.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}